Елімізде судьялардың үкімдері интернетке жарияланбақ
Еліміздің соттары енді білмегенін шетелдің мықты заңгерлерінен үйренетін болады. Бүгін Астанада Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың құқықтанушыларынан құрылған арнайы халықаралық Кеңес жұмысын бастады.
Автор: Сабина Мәдиқызы
23.02.2016
Оған қатаң іріктеумен өткен 12 заңгер еліміздің сот жүйесін жаңғыртуға атсалысуы тиіс. Яғни, олар қазылармен тәжірибе бөлісіп, қиын процестерде шешім шығаруға көмектеседі. Бұл сот жүйесінің ашық әрі әділ өтуіне және халықтың заңға деген сенімін арттыруға сеп болады дейді жауаптылар. Оның үстіне жақында судьялар кескен шешім немесе үкімдерін интернетке жариялай бастайды. Фемида қызметкерлеріне арналған мұндай бастама «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында іске асып жатыр.
Айгүл Кенжебаева, Коммерциялық заңгерлер қауымдастығының төрайымы:
-Егер соттың қай заңға сүйеніп, қалай шешім шығарғанын интернеттен көруге болса, қазылар ойланады. Яғни, істі бұрмалап, әдейілеп біреудің пайдасына шеше алмайды. Бұл елімізде әділеттілік орнатуға үлкен мүмкіндік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!