Назарбаев күш құрылымдарының басшыларын Ақордаға шақыртты
Ақордада оралмандар, ішкі көші-қон мен лаңкестік топтарға тойтарыс беру мәселелері қаралды. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев күш құрылымдарының басшыларын жинап, Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.
Автор: Ербол Сейілхан
23.02.2016
Президент резеденциясына Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, Ішкі Істер, Қорғаныс министрлері, “Сырбар» директоры мен Бас прокурор шақыртылды. Отырыста Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру, көші-қон саясаты, оралмандардарды қоныстандыру сияқты мәселелер жан-жақты талқыланған. Сонымен қатар, халықаралық лаңкестік топтардың идеологтары мен арбаушылардың Қазақстанға келуіне тосқауыл қою үшін не істеліп жатқаны тыңдалды. Ұлттық қауіпсіздікке қатысты құпия мәліметтер айтылатындықтан отырыстың негізгі бөлігі жабық есік жағдайында жалғасты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!