КТК-да жаңа жоба: «Көріпкел»
Тылсымға толы оқиға! Өмірде кездесетін зұлым күштермен күресу мүмкін бе? Кереғар жағдайдан қорғанудың жолын көпшілік біле бермейді. Тылсым күштерден қорғану тәсілдері КТК-ның кезекті төл жобасында көрініс таппақ. Деректі драма жанрында түсірілген «Көріпкел» жобасы алдағы сенбіден бастап көпшілік назарына ұсынылады.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
24.02.2016
Тылсым күштер тек фантастикалық туындыларда ғана емес, өмірде де кездеседі. Оған куә болғандар да баршылық. Мұндай адам нанғысыз жағдайлар бір сәтте-ақ жан-дүниеңіздің астан-кестеңін шығаруы мүмкін.
- Бәрі жақсы, алтыным. Қорықпа, мен қасыңдамын.
Зұлым күштермен күресу кез-келгеннің қолынан келмесі анық. Алайда ата-бабасынан дарыған көріпкелдік қасиетке ие Ұлпан мұндайда аянып қалмайды.Осылайша, бұрын-соңды жұртшылық көрмеген көріністер бас кейіпкердің көзқарасымен беріледі. Яғни, мистикалық оқиғаларды камера сол күйінде көрсете білген. Бұл арқылы ешкім біле бермейтін, көріпкелге ғана аян жәйттерді енді қарапайым көрермен де білетін болады.
Сәуле Жәнібекова, «Көріпкел» жобасының редакторы:
-Біз сол Ұлпанның көріпкелдігі арқылы, соның елестері арқылы адамдарға төніп тұрған қауіп туралы, оның көруі арқылы көрерменге жеткізетін боламыз. Көріпкел қыздың елестерін телевизиялық жағынан көрсету. Мен ойлаймын, бұрындары мұндай жоба болған емес деп.
КТК-ның төл туындысы тың форматта түсірілуде. Ондағы көріністер жүйелі түрде жалғасып отырады. Әр оқиғаның артынан кейіпкерлерді тағы бір шытырман жағдай күтеді. Осылайша, тылсым күштердің адамзатқа беймәлім қыры ашылмақ. Бас кейіпкердің басына түскен сан қырлы жағдайлар кез-келгенді елең еткізетіні сөзсіз. Сонымен, «Көріпкел» жобасы -
Яғни, сенбі 19:00, ал жексенбі күні сағат 18:30-да эфирге шығады. Ендеше, тылсымға толы оқиғаларға 27-нші ақпаннан бастап куә болыңыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!