{metadescription}
Бауыржан Байбек көлігін тастап, велосипедке мінбек
Бауыржан Байбек көлігін тастап, велосипедке мінбек

Бауыржан Байбек көлігін тастап, велосипедке мінбек

Ал Бауыржан Байбек автокөліктен бас тартпақ. Алматының экологиялық ахуалына алаңдаған әкім бүгін өзінің есеп беру жиынында астындағы машинасын тастап, велосипедке мінуді ойлап жүргенін мәлімдеді.   

-Әкімдіктің 86 қызметкері велосипедке отырады. Өзім де отырам. Барлық көлікті газға ауыстырамыз.

Шенеунік осылайша әбден ластанған ауаны аз да болса түтіннен тазартпақшы. Өйткені, ауадағы көмірқышқыл газының 80 пайызы кептелістегі көліктерден шығады екен. Осылайша тосыннан жаңа джипі мен қызметтік «Мерседесіне» мінуден бас тартқан Байбек басқаларды да көліктен түсіп, жаяу жүруге шақырды. Сонда тұрақ мәселесіне бас қатырып жатпаймыз дейді әкім. Кейінгі кездері қалада көліктердің тым көбейіп кеткенін алға тартқан ол кілең шетелдік қымбат машиналарды тізгіндеген студенттерге де шүйлікті. Себебі, оқу орнына бас-басына біреуден мініп келетіндердің темір тұлпарлары төңірекке сыймай, оқу орнының алдына дейін көліктерін тіреп қоятын болған.                                            

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-Студенттердің көліктері. Қымбат көліктер. Жолдан алып тастасын. Жаяу жүрсін. Болмаса велосипед мінсін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде