Сайлаушылардың дауысы үшін партиялар бағдарламаларын айтып уәделерін үйіп төгуде
Мәжіліс мандатынан үмітті партиялар ел аралап, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтті. Алты партия да электораттың даусы үшін сайлау алды бағдарламаларын айтып уәделерін үйіп төгуде.
Автор: Досжан Маратұлы
25.02.2016
Бүгін «Ауыл» партиясы рухани тақырыптарға арнап дөңгелек үстел өткізді. Астаналық студенттер мен ғалым, ақын, жазушыларды жинаған «ауылдықтар» қазақ халқының мәдениетін сақтау мен оны дамытудың жолдарын талқылады. Ал, «Бірлік» партиясы Жамбыл облысындағы тарихи орталықтарды аралап жүр. «Айша бибі» кесенесі мен «Көне Тараз» археологиялық музейінде болған партия осы құндылықтарды әлемге танытып, туризмді дамыту мәселесін ортаға салды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы болса, жастарды жігерлендіріп жүр. Алматыда флешмоб өткізген олар әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды қорғауға және жемқорлыққа қарсы күресуге шақырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!