Миллиардтарды жымқырып түрмеге жабылған метроның экс-басшысы Мұрат Өкшебаевтың жазасы өзгеріссіз қалды
Ал миллиардтарды жымқырғандар жазасын жеңілдете алмады! Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы бүгін метроның экс-директоры Мұрат Өкшебаев пен оның қос сыбайласының өтінішін қанағаттандырған жоқ.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
25.02.2016
Үшеуінің адвокаттары желтоқсан айында шығарылған сот үкімімен келіспей, істі қайта қарауды өтінген. Алайда қалалық сот та үкімді бүгін өзгеріссіз қалдырды. Яғни, Мұрат Өкшебаев 9 жылын, ал оның орынбасары мен құрылыс жүргізген серіктестік басшысы 8 жылдарын абақтыда өткізуі тиіс. Бұған қоса, қалтаға басқан ақшаларын қайтарып, үкім бойынша міндеттелген 8 миллионнан астам айыппұлды төлеуі керек. Естеріңізге салсақ, 2 миллиард 503 миллион теңгені жымқырған Мұрат Өкшебаев, Ербол Қалдыбаев және Константин Антиповқа былтыр жазда ұсталған. Бұл үштік жалған фирмалар ашып, тендердің ақшасын сонда аударып отырыпты. Тіпті, құрылыс материалдарының бағасына дейін қағаз жүзінде 10 есеге қымбаттатып көрсеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!