{metadescription}
Көкшетауда сумен қамтитын мекемені бомбалап тастаған студент болып шықты
Көкшетауда сумен қамтитын мекемені бомбалап тастаған студент болып шықты

Көкшетауда сумен қамтитын мекемені бомбалап тастаған студент болып шықты

Көкшетауда студент қыз түнгі екіде бүкіл жедел әрекет ету қызметтерін аяғынан тік тұрғызды. Бойжеткен «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнына қарасты су тазарту станциясына жарылғыш зат қойылды деп полицияға қоңырау шалған.

Қаланы ауыз сумен қамтамасыз ететін бекет Бұқпа тауының үстінде орналасқан. Түн ортасында «бомба қойылды» деген хабар жетісімен Көкшетаудың құтқарушылары мен тәртіп сақышылары тайлы-тұяғы қалмай тау басына аттанған. Екі иісшіл итпен 2 жарым гектар аумақты алып жатқан нысанды тінтіп шығу оңайға түспеді. 2 сағат бойы табандарынан таусылған арнайы топ ешқандай бомба таппады. Кешікпей жұртты дүрліктірген 20 жасар Аяулым есімді бойжеткен екені анықталды. Көкшетаудағы колледждердің бірінің 4-ші курс студенті қазір қамауға алынып, тергеу басталды. Ол бұны су тазарту станциясында істейтін таныс жігітіне әзілдеп істегенін айтып ақталған. Енді осы қалжыңы үшін қомақты айыппұл төлейді немесе 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде