Америкада өгей әкесі атып өлтірген қазақ балаларына қатысты жаңа дерек шықты
АҚШ-тағы асырап алынған қазақ балаларының өліміне қатысты істі Қазақстан елшілері жіті бақылауға алды. Отандық дипломаттар америкалық құқық қорғау орындарынан өгей әкесі атып тастаған Тимур Көктиев пен Дамир Әбдірахмановтың өлімін жан-жақты тергеуді талап етуде.
Автор: Жәудір Оразхан
01.03.2016
Сыртық істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, қыршынынан қиылған жасөспірімдер АҚШ азаматтығын алған екен. Алайда, бұған қарамастан ресми Астана қос қазақ баласының қазасына не себеп болғанын анықтамақ. Вашингтон штатындағы Белфэйр қаласында 16 және 18 жастағы Тимур мен Дамирді өгей әкесі өлтірген еді. 51 жастағы Дэвид Кэмпбелл әйелі Лана Карлсонды Қазақстаннан асырап алған екі ұлымен қоса атып тастаған. Сөйтіп, қаскөй үйден сыртқа шығып, өзіне де қол салған. Марқұм америкалық әйел Тимур Көктиев пен Дамир Әбдірахмановты 13 жыл бұрын Ақмола облысы Щучье қаласындағы балалар үйінен алып кеткен екен. Ол кезде Көкшетауда туған Тимур 5 жаста, ал Дамир 3-те болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!