Шығыста жұрттың тегін тауарға таласпай сыпайылық танытуы дүкен иесін таңқалдырды
Шығыс Қазақстандағы «Бәрі де алғыс үшін» деп аталатын дүкендер желісі ерекше шара өткізді. Тегін киім мен тұрмыстық заттарды алуға келгендерге азық-түлік себеттері үлестірілді. Кішкентай балалар да жеміс-жидек пен тәттілерден дәм татып, мәз-мейрам боп тарқасты.
Автор: Ә.Асқарқызы
02.03.2016
Қайырылымдық дүкені Таврия елді мекенінде 4 ай бұрын ашылған. Қолма-қол ақшасы жоқ ауылдықтар мен тұрмысы төмен отбасылар үшін бұл айтарлықтай көмек боп тұр. Тауарлар тегін болғанымен, жұрт талап әкетіп жатқан жоқ. Күніне балаларын жетектеген бірді-екілі адамдар ғана бас сұғып, қажетінен артық зат алмайды дейді дүкен иелері. Мұнда тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ тіпті сирек кездесетін әдебиетті де табуға болады. Сөредегі заттардың барлығы қайырымды жандардан жиналған. Қазір облыс бойынша осындай 8 дүкен жұмыс істеп тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!