Петропавлда ерлі-зайыпты қарияларды өлтіргендер ұзақ мерзімге сотталды
Петропавл сотында сексен жастан асқан ерлі -зайыпты қарияларды ұрып өлтірген үш қаскөйге үкім кесілді. 13 жыл бойы түрмеде отыратын сыбайластардың екеуі кәмелет жасына да толмаған ағайындылар.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
15.03.2016
Қанды оқиға Мамлютка ауылында болған. Ағайынды Майерлер мен олардың Виктор Трошихин есімді досы сексеннің сеңгіріне шыққан қарттарды темірмен ұрып өлтіріпті. Ал ұрланған 300 мың теңгеге түрлі тәттілер мен ұялы телефон сатып алған . Сот ағайынды Майерлердің үлкенін 13 жылға, оның 8-ші сыныпта оқитын інісін 10 жылға соттады. Олар жазасын тәрбие колониясында өтейтін болады. 18 жасқа жуырда толған Виктор Трошихин 11 жылға қатаң тәртіптегі түрмеде өткізуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!