{metadescription}
Павлодарда жалақы алмаған жүргізушілер шу шығарды
Павлодарда жалақы алмаған жүргізушілер шу шығарды

Павлодарда жалақы алмаған жүргізушілер шу шығарды

Павлодарда республикалық күре жолдың құрылысына атсалысқан жүк көлігінің жүргізушілері маңдай тер ақыларын ала алмай жүр. Жаз бойы жалақы көрмесе де олар қарызға жанармай алып, қар түскенге дейін жұмыстарын жалғастыра берген. Айтуларынша, «Унистрой-ПВ» компаниясы бүгінде жүзге жуық жұмысшыға 90 миллион теңге берешек.

Валерий Алманцев 25 жылдан бері жолаушы тасымалдаумен айналысады. Былтыр республикалық маңызы бар жолдың құрылысына жұмысшыларды тасыған ол өзін келісім-шартпен жұмысқа алғандардың алдап кеткенін айтады.

Валерий Алманцев, көлік жүргізушісі:

Жүз мың теңге ғана төледі. Тағы екі жүз мыңды бермей кетті. Өз басым «Унистрой-ПВ» компаниясының басшысы Марат Төлегеновпен келісім-шартқа отырғанмын. Жұмысшыларға миллиондаған берешек екенін естігінде жағамды ұстадым.

Жүк көлігінің жүргізушілері Павлодар-Астана тас жолының бойында өздеріне берілген 14 шақырымдағы жұмысты түгел атқарғандарын айтады. Ал мердігер қара жұмысшылармен қоса, жеке кәсіпкерлермен де байналыстарын үзген.

Бауыржан Сәбиков,  жеке кәсіпкер:

-Мамыр айынан бастап қазанның ортасына дейін жұмыс істедік. Сол бас кезінде бір айдың ғана ақшасын алдық, өңгесінің ақшасын алғам жоқ. Үш жарым миллион ақша қарыз ол кісілер. Енді менің жұмыскерлерім бар беретін.

Мәселені көтеріп жергілікті әкімдік мен сотқа да барған жұмысшылар сол күйі жарытып жауап ала алмаған. Ал қарасын батырған компания басшыларының ізіне прокурорлар да түсе алмай отыр.

Ерлан Түлеков, Павлодар қалалық прокуратурасының аға прокуроры:

– Қазір Еңбек басқармасымен бірге «Унистрой-ПВ-ға» қатысты тексеріс жүргізілуде. Компанияның шағымданған жұмысшыларға нақты қанша берешек екені әзірге белгісіз. Басшыларын заңды мекен-жайынан таппадық.

Заңды мекен-жайынан табылмаған компания басшыларының ұялы телефондары да сөндірулі. Ал маңдай тер ақыларын былтырдан бері ала алмай жүрген жұмысшылар болса миллиондаған алашағын наурыздың соңына дейін тағы күтпекші. Бұл тілектері орындалмаған жағдайда өздері салған тас жолды қайта бұзатындарын мәлімдеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде