{metadescription}
Ресей әскері Сириядан шығарылуда
Ресей әскері Сириядан шығарылуда

Ресей әскері Сириядан шығарылуда

Путин тиісті бұйрыққа қол қойып, лаңкестікпен күреске жіберілген жасақтардың басым бөлігі кейін қайтарылып жатыр.

Сирияда әскери операция бастауға бес ай бұрын бұйрық берген Ресей президенті енді бұл тапсырманың толық орындалғанын мәлімдеді. Сондықтан қарулы күштің бір бөлігін шетелде ұстаудың қажеттігі жоқ екен. Кремльдің шешімін халықаралық қауымдастық қолдады. Бірінші кезекте бұл Женевада өтіп жатқан Сирия оппозициясы мен Башар Асад режимі арасындағы бейбіт келісімге жаңа серпін беруі тиіс. Ал Ресей әскері кетіп, Асадтың жағдайы қиындайды деп күткендерге қуануға әлі ерте сыңайлы. Өйткені, негізгі күштері шығарылғанымен, Латакия мен Хмеймимдегі әскери базаларын Мәскеу бұрынғысынша қалдыра бермек. 

Владимир Путин, Ресей президенті:

-Хмеймимдегі жазғы база мен Тартуста орналасқан теңіз базасы бұрынғы тәртіппен жұмысын жалғастырады. Бас қолбасшының бұйрығы бойынша аталған нысандардың қауіпсіздігі құрлықтан, судан және әуеден толық қамтамасыз етілуі тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде