{metadescription}
Маңғыстау облысында адам шошырлық көрініс  ұялы телефонға түсірілді
Маңғыстау облысында адам шошырлық көрініс  ұялы телефонға түсірілді

Маңғыстау облысында адам шошырлық көрініс ұялы телефонға түсірілді

Маңғыстау облысында қатты жел екі қабатты тұрғын үйдің шатырын көтеріп кетті. Адам шошырлық көріністі куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған.

Оқыс оқиға бүгін Құрық ауылында болды. Секундына 18 метрге дейін соққан жел 48 пәтерлік үйдің шатырын қас-қағым сәтте көтеріп кетіпті. Екі пәтерден 8 адамды құтқаруға тура келген. Зардап шеккен ешкім жоқ. 40 жыл бұрын салынған ескі үй жазда ғана күрделі жөндеуден өткен екен. Оған Қарақия ауданының қазынасынан 5 миллион теңге бөлінген. Енді жөндеу жүргізген құрылыс компаниясының жіберген қателігін әкімдік жанынан құрылған штаб анықтайтын болады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде