Павлодарда сауда жасаған Назарбаев өз ақшасына еттің наны мен қымыз сатып алды
Павлодарда жұмыс сапарымен жүрген Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті гипермаркеттердің бірінде сауда жасады. Елбасы 2740 теңгеге азық-түлік алып қайтты.
Автор: Әйгерім Шакаманова
17.03.2016
- Ең арзан.
- 2.740 теңге.
- Маған неге көрінбейді баға? Міне, көрдім.
Кереку дүкенінен нан, шәй, сүт, қаймақ, еттің наны мен қымызды алған Елбасы саудагерлерге бағаны осылай бір қалыпта ұстауды тапсырды. Гипермаркет ішін түгел аралаған мемлекет басшысына жергілікті кәсіпкерлердің ет, сүт өнімдерімен бірге көкөністері де ұсынылды. Отандық өнімнің сапасы мен бағасына көңілі толған президент бұдан соң төрт мыңнан аса адам жиналған еңбек ұжымдарының республикалық форумына қатысты. Шараға еліміздің елуге жуық ірі кәсіпорындарынан білікті мамандардың арнайы келгенін айта кетейік. Өндірістік өңірдің дамуына оң бағасын берген Нұрсұлтан Назарбаев ел үшін аянбай тер төккен азаматтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Ертістің бойы үлкен ауыл шаруашылығы, сауатты халық, инженер-техникалық қызметкерлер, маманданған жұмыскерлердің барлығы осында істейді. Бұл индустриялық Қазақстанның ең бір үлкен белсенді орталығы болып саналады. Баршаларыңызды мен шын жүрегімнен құттықтаймын бүгінгі кездесуменен. Келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!