{metadescription}
Елімізде шенеуніктерге жұмыс кезінде планшет, смартфон ұстауға тыйым салынбақ
Елімізде шенеуніктерге жұмыс кезінде планшет, смартфон ұстауға тыйым салынбақ

Елімізде шенеуніктерге жұмыс кезінде планшет, смартфон ұстауға тыйым салынбақ

Елімізде министрлерден бастап қатардағы шенеуніктерге дейін жұмыс кезінде планшет, смартфон ұстауға тыйым салынбақ. Шектеу қоятын Үкіметтің жаңа ережесі 24-ші наурыздан күшіне енеді. Енді мемлекеттік қызметкерлерге фото, видеоға түсіретін қымбат ұялы телефондарын үйлеріне тастап кетуге тура келеді. Бұл қатал талаптың бірінші басшыларға да қатысы бар.

Қалмұханбет  Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Бізде құпия құжаттар көп. Сондықтан бұл шешім шықпай тұрып та министрлік ішіндегі жиындарға смартфонсыз кіретінбіз. Өзім 10 жылдан бері ескі ұялы телефонды ұстап жүрмін.

Бұдан-былай планшет, смартфон видео мен фотоға түсіретін ұялы телефонмен министрліктің, әкімдіктің жиындарына қатысуға рұқсат жоқ. Мұндай тыйым басқосу мен жиналыс кезінде мемлекеттік құпия хаттар мен мәліметтердің тарап кетпеуі үшін салыныпты. Себебі соңғы уақытта әсіресе Whatsapp желісі арқылы Үкімет пен министрліктердің құпия құжаттары интернетте қаптап кетті. Ендігі жерде шенеуніктер кеңселеріне тек фото-видеоға түсірмейтін ескі телефонмен кіре алады. Ал бүгін қымбат смартфондарымен мақтанған министрлерге енді оны ауыстыруға тура келетіндей.

Владимир  Школьник, Энергетика министрі:

-Телефоныңызды көрсете аласыз ба?

-Иә,әрине. Менде смартфон көріңіз міне. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.