Елімізде бензин тағы қымбаттауы мүмкін
Өйткені көрші Ресейде жанармайдың акциз құны өсіп отыр. Бұл сұйық отын бағасына тікелей әсер етуі ғажап емес.
Автор: Досжан Маратұлы
17.03.2016
Өйткені, еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары ішкі сұранысты толық қамтуға қауқарсыз екені белгілі. Оның үстіне бензиннің үштен бірі Ресейден жеткізіледі. Қазір ол жақта осы жанармайдың акциз құны өскен. Яғни, Қазақстанға бензин тасымалдаушы кәсіпкерлердің шығыны артады деген сөз. Сондықтан олар акцизге кеткен ақшаны бензин бағасын өсіріп қайтаратыны айтпаса да түсінікті. Ал, әзірге жанармай құю бекеттеріндегі сұйық отын құны өзгере қойған жоқ.
Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының төрағасы:
-Баға қымбаттайды деп кесіп айтуға болмайды. Өйткені, нарықты болжау қиын. Бірақ, Ресейде акциздік салықтың өскенін білесіздер. Бұл бірнеше бензин түрінің бағасына әсер етуі ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!