{metadescription}
Алматыда өз курстасын пышақтап өлтірген студент сотталды
Алматыда өз курстасын пышақтап өлтірген студент сотталды

Алматыда өз курстасын пышақтап өлтірген студент сотталды

Компьютерге таластың соңы 8 жыл абақтымен аяқталды! Алматыда өз курстасын пышақтап өлтірген студентке бүгін сот осындай үкім кесті. Қазақ ұлттық техникалық университетін биыл бітіруі тиіс Тілек Текішев осылайша диплом орнына кісен ұстап, сот залынан бірден түрмеге кетті. Десе де, университеттегі өлім үшін жоғары оқу орнынан жауапқа тартылған жан болмады.      

Курстасын компьютер үшін өлтірген студенттен өзгесі бүгін қобалжулы. Тілшілерге түрін көрсетуге рұқсат етілмеген Тілек Текішев пен адвокаты ғана тым еркін отыр. Олардың бей-жай түрі тек судьяның үкімінен кейін бұзылды. 

Людмила Бектемірова, судья:

-Текишева Тилека Ермекулы, признать виновным в совершении преступлении предусмотренной статьей 106 часть 3 УК РК, и назначить ему по данной статье наказание в виде 8 лет лишения свободы.

Курстасын өлтірген студент 8 жылға абақтыға жабылып қана қоймай, оған қоса марқұмның отбасына 6 миллион теңге төлеуі тиіс. «Қасақана кісі өлтіру» деген айыппен сотталып жатса да, Текішевті алдағы тағдырынан гөрі, бүгінгі түрінің көрсетілмеуі көбірек алаңдататын сыңайлы. 

Тілек Текішев, сотталушы:

-В судебном заседаний я отказывался от того, чтобы меня снимали.

Ал жалғыз ұлын оқуға жіберіп, диплом орнына денесін алып қайтқан әке осы үкімді есту үшін Қостанайдан келген. Соттың соңына дейін өзін ұстағанымен, Самұраттың есімін естігенде егіле жылады.    

-Ризасыз ба, аға соттың шешіміне? Бір ауыз сөзіңізді айтыңызшы./ Әкесі жылайды...

Қазақ ұлттық техникалық университетін биыл бітіруі тиіс Тілек Текішев осылайша сот залынан бірден түрмеге кетті. Бірақ табалдырықтан аттауы мұң екен, соңынан ілескен туыстары «ұлымызды ұрды» деп қарауылмен ерегісіп қалды.

-Ұрып жатыр ар жақта!

-Жоқ, не үшін ұрады?

-Даусы шығып жатыр ғой! Даусын естідік!

-Алып кетті оны машинаға отырғызып! Ұратын болса, қолы бар арыз жазады ұрған адамға! Адамды ұра берсек біз не сонда?

Десе де, Текішевтің бұл үкіммен келіскісі жоқ. Ол әлі де төбелеске Самұрат кінәлі деген пікірде. Сондықтан жақында тағы сотқа жүгінбек.   

Бекболат Жексейітов, Т.Текішевтің адвокаты:

-Тергеу кезінде де, сот отырысында істі қарап жатқанда да бірқатар заң бұзушылықтар болды. Өлген жігіттің іс-әрекеті сол күйі ашылған жоқ! Ол өлмес бұрын айыпталушыны соққыға жықты. Сондықтан сот шешіміне разы емеспіз. Әрі қарай шағымданамыз.

Текішев жазасын тартқанымен, студент қаза тапқан Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіндегілер әлі үнсіз. Дәретханасынан кісі денесі табылып жатса да, ол үшін ешкімге шара қолданылмаған. Тіпті, суық қарудың оқу орнының ғимаратына қалай кіргені де сол күйі айтылмай, «жабулы қазан» күйінде қалды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде