Семейде ор болып қазылып жатқан автомобиль жолдарының жөнделетін түрі жоқ
Бүгінде қаланың шеткері көшелерін былай қойып, орталықтың өзінде көлік қозғалысы қиындап кеткен.
Автор: Ұлан Нұрахмет
25.03.2016
Осыдан екі жыл бұрын ғана Аймауытов, Боранбай би секілді басты көшелер жөндеуден өткен еді. Алайда сол көріністен жұрнақ та қалмаған. Сапасыз төселген асфальтты көктемгі қар суы тас-талқан етіпті. Қазір ондағы шұрық- тесіктің тереңдігі шамамен 10-15 сантиметрге жетіп отыр. Ал бір жерді екі рет жөндеуге еті үйренеген жергілікті шенеуніктер бұған жауапты болған компанияларды міндеттемек. Олар 3 жыл көлемінде жолдың бүлінбейтініне кепілдік берген. Сондықтан көзбояушылық жасағандардан қайта қалпына келтіруді талап етіпті. Ал қаланың басқада көшелеріндегі сүреңсіз көріністерді реттеуге 1 млрд 200 млн теңге қажет екен. Аузы күйген шенеуніктер жол жөндейтін компанияларды қатаң қадағалаймыз, -дейді.
Ермак Сәлімов, Семей қаласының әкімі:
-Жол жөндейтін мекемелер арасында байқау жарияладық. Қатаң іріктеуден өткіземіз. Себебі, қала жолдарының шыдас бермеуі мердігерлердің салғырттығынан болып отыр. Өйткені оларда жол төсеуге қажет техника жеткіліксіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!