Сантехниктің ұмыт қалдырған қара жәшігі Ақтаудың құтқарушыларын дүрліктірді
Сантехниктің ұмыт қалдырған қара жәшігі Ақтаудың жедел әрекет ету құрылымдарын аяғынан тік тұрғызды. Сайман толы шабаданды жарылғыш зат деп ойлаған полицейлер тұтас бір үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарған.
Автор: Сандуғаш Шортанова
25.03.2016
Елена Афицкая, Ақтау қаласының тұрғыны:
-Үйден ештеңе алып үлгермедік. Шыққан соң ғана құжаттарды, ақшаны алып шығу керек еді деп тұрмыз. Бірақ полиция келіп, «жылдам тысқа шық» дегенде қорыққанымыздан қатты сасқалақтап қалдық.
Күдікті қара жәшік туралы 102-ге сол үйдің адамдары хабар берген. Оқиға орнына прокурорлар, полицейлер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен төтеншеліктер жедел жетті. Қара жәшікті бір сағат бойы ақтарған саперлар мен криминалистер оның ішінде жарылғыш зат емес, сантехникалық құрал-сайман болғанын анықтады. Енді полицейлер жұртты дүрліктірген ұмытшақ сантехникті тауып, шабаданын қайтарып бермек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!