{metadescription}
Депутат болған жас актер жұмыссыз жүрген алматылықтардың мәселесін шешпек
Депутат болған жас актер жұмыссыз жүрген алматылықтардың мәселесін шешпек

Депутат болған жас актер жұмыссыз жүрген алматылықтардың мәселесін шешпек

Байкер, балуан және жиырмадан енді асқан актер Алматы қаласы мәслихатының депутаттары атанды. Қызметке бүгіннен бастап кіріскен мәслихаттың су жаңа құрамы қаланы көркейту үшін қолдан келгенді жасаймыз деп сендірді.

Қалалық мәслихаттың алтыншы шақырылымына байкер депутат Дмитрий Петрухин өз кейпінде келді. Жалпы, 37 адамнан тұратын мәслихаттың биылғы құрамы 65 пайызға жаңарған. Олардың арасында байкерден бөлек, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков және «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты кейіпкерді сомдаған Асылхан Төлепов бар. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының 23 жастағы актеры өз ауданының инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ, жас кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырып, жұмыссыздыққа жол бермеуге күш салмақ екен. Ал еркін күрес шебері Ислам Байрамуков аулалар мен мектептердегі спорт секцияларын дамыту мәселесін қолға алмақ.

Ислам Байрамуков, Алматы қаласы мәслихатының депутаты:

-Сидней Олимпиадасынан кейін биыл 16 жас болыпты. Оның арасында әлеуметтік, саяси жағдайларға қатысып, қоғамда тәжірибе жинадық осы уақыта дейін.  Қаланың тұрғындарының проблемаларын шешу жұмыстары қосылады. Сондықтан, мен ойлаймын, оған дайынмын. Қолымнан не келеді, бар күшімді салуға әзірмін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде