Нұрсұлтан Назарбаев Америкада ядролық қаруға қатысты мәлімдеме жасамақ
Брюссельде Еуропалық одақпен келіссөз жүргізіп болған соң президент мінген ұшақ Вашингтон әуежайына келіп қонды.
Автор: Ербол Сейілхан
31.03.2016
Елбасы жүздеген мемлекеттің басшылары бас қосатын ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық саммитке қатыспақ. Тіпті алғашқылардың бірі болып баяндама жасайды деп күтіліп отыр. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың алып державалардың президенттерімен басқа да саясаткерлермен кездесуі жоспарланған. Самитте әлемді шарпыған соғыс пен ядролық қарудың таралу қаупін ауыздықтау мәселелері жан-жақты қаралмақ. Алайда, форумнан түк пайда жоқ деген Ресей АҚШ-қа өкілін жіберуден бас тартқан. Әріптестерінің бұл әрекетін Ақүй өткір проблемадан қашуы деп сынға алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары