Қорғаныс министрлігі оқудан шығып қалған жігіттерді әскерге алып кетпек
Еліміздегі барлық Қорғаныс істер басқармасында қызу қарбалас басталды! Өйткені бүгіннен бастап көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттер таңнан бері комиссариатқа жаппай ағылып, медициналық тексеруден өтуде.
Автор: Досжан Маратұлы
01.04.2016
Биыл әскер қатарына қару ұстайтын 15 мың сарбазды таңдау көзделген. Үміткерлер көп болғандықтан іріктеу де қатал. Дәрігерлер болашақ сарбаздардың әсіресе, бойы мен салмағына және дене бітіміне ерекше мән береді. Әрі жігіттердің психологиялық төзімділігі де басты назарда. Өйткені, сарбаздар бір жыл бойы тек физикалық қиындықтарға ғана емес, әскердің қатал заңына төтеп беруі қажет. Ал, биыл отан алдындағы борышын өтеуден қашып жүргендер мен оқудан шығып қалған студенттер әскерге ең алдымен шақыртылыпты.
Амантай Өсербаев, ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру департаменті бастығының орынбасары:
-Шақыртушылар қөп болғандықтан біз олардың арасынан моральді психологиялық жағынан дайын, денсаулығы жақсы, әскерге шақыртушыларды таңдап іріктеу алуымызға мүмкіндігіміз бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!