Еліміздің өзге облыстарына да тасқын қауіпі төніп тұр
Ал тағы еліміздің бірнеше облысы топан судың астында қалуы мүмкін. «Қазгидромет» орталығының болжамы тұрғындарды қобалжытып қойды.
Автор: Ербол Сейілхан
05.04.2016
Синоптиктердің болжамынша, алапат тасқын Солтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстан, Қостанай мен Ақмола облыстарын жайпауы мүмкін. Себебі, бұл аймақтарды күн райының күрт жылынуы мен жаңбырдың төпелеп жаууы жағдайды ушықтырып жатыр. Сондықтан кез-келген уақытта төтенше жағдай жариялануы ғажап емес. Қазір жер-жердегі құтқарушылар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, өзен-көлдердің арнасынан асып кетпеуін күні-түні бақылауда. Ал қауіпті өңірдегі халық жандарын шүберекке түйіп, топан су келсе көшуге дайын отыр. «Қазгидромет» орталығы жұртқа кез-келген табиғат құбылысына әзірленуге кеңес берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!