Ұлттық банк дербес төлем жүйесін іске асыруға кірісті
Әлемдегі тұрақсыздықтан соң Қазақстан дербес қаржылық төлем жүйесін іске асыруға кірісті. Бірақ, оған қатысты түсінбестік әлі көп.
Автор: Ербол Сейілхан
07.04.2016
Бүгінде әлемнің барлық мемлекеттері, оның ішінде мыңдаған банктер мен қаржы ұйымдары америкалық төлем жүйесіне тәуелді. Яғни, тұрғындардың қолындағы банкомат карточкасына жалақы, осы танымал жүйе арқылы аударылады. Қаржы жөнелту де дәл осылай. Сондықтан ұсталатын комиссияның бір бөлігі шетелге кетіп жатыр. Ал Қазақстанда күніне 1 триллионнан астам теңге айналымда жүр. Бірақ, дербестікті қалағанымызбен халықаралық төлем жүйесіне бәрібір тәуелді боламыз. Отандық карточкалар ел ішінде жүргенімен, шетелге шыққанда аударым жасауға келмейді екен. Ұлттық банк әзірлеп жатқан жаңа заң бұл шикіліктерді реттеуі тиіс.
Алпысбай Ахметов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:
-Заң жобасы қабылданса, «MasterCard», «Visa», Ұлттық банкке келеді, тіркеуге отыруы керек. Сонда заңды түрде қызмет істей алады. «MasterCard», -пен төленетін ақшалар шетелге шықпайды, Қазақстанның ішінде ғана айналымы болады. Мақсат неде? Мақсат комиссияны азайту.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!