Солтүстіктегі Донецкое ауылының халқына өтемақы төленеді
Солтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен отбасыларға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде өтемақы төленетін болды. Бұл 200 мың теңгеден астам қаражат. Оған қол жеткізу үшін зардап шеккен азамат төлқұжаты, Төтенше жағдайлар департаменті берген анықтама мен баспанасының құжаттарын әлеуметтік бөлімге апаруы тиіс.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
11.04.2016
Әзірге тек топан суға тұншыққан мал басына өтемақы үлестірілді. Осы мақсатта бір ғана Донецкое ауылына бюджеттен 1 миллионнан аса теңге бөлініпті. Ол қаражат 67 бас малынан айрылғандардың шығынын жапқан. Тіпті әрбір тауық үшін 500 теңгеден таратылған. Облыс қазынасынан бөлінген 1 млн 94 мың теңгеден бөлек, кәсіпкерлер де көмек қолын созыпты. Бірақ қабырғалары мен жылытатын пештері опырылған үйлерді сыз тартып, адам тұруға жарамсыз боп қалғанын айтуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!