{metadescription}
0:000:00
Қазақ зағиптар қоғамы сотталған басшыларын  түрмеден босатпауын талап етті

Қазақ зағиптар қоғамы сотталған басшыларын түрмеден босатпауын талап етті

Күнде дауласып жүріп басшысын соттатып тынған Қазақ зағиптар қоғамында әлі де тыныштық орнайтын емес. Ұйымның экс-президенті түмеге қамалып, бүкіл дүние-мүлкі тәркіленсе де зағиптар қоғамының мүшелері оның жазасы жеңілдеп кете ме деп қауіптенеді.

Олардың басты қаупі – Байболат Әубәкіровтің жоғын жоқтап жүрген туыстары мен адвокаты екен. Экс-басшы жазықсыз сотталды деп Жоғарғы сотқа шағым жазылғалы бері ұйым мүшелерінің тынышы қашқан. Тіпті олар соттың бұрынғы басшыға кескен жазасын азсынып  та отыр. Айта кетейік, Қазақ зағиптар қоғамының бұрынғы президенті Байболат Әубәкіров былтыр желтоқсан айында 7 жылға бас бостандығынан айырылып, бар мүлкі тәркіленіп, тағы миллиард теңге өтемақыға төлеуге міндеттелген болатын. Қазір аталған қоғам өкілдері республикалық құрылтай өткізіп, өздерінің жаңа президентін сайламақшы. Ал абақтыда жатқан бұрынғы басшының жазасын жеңілдетпей, сол күйі қалдыру үшін олар Әубәкіровтің туыстарымен әлі біраз айтысқа түсетін сыңайлы.

Алтынай Ибрагимова, Қазақ зағиптар қоғамының мүшесі:

-Негізінде одан да қатаң жазаға тартылуы тиіс болған. Ең төменгі жазаны алды. Біз ең кемінде осы жаза қалса екен дейміз. Енді жоғарғы сотта ол кісінің мақсаты жазадан құтылудың амалдарын қарастырып жатыр бүгінгі күнде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде