Доллар арзандап теңге нығая бастады
Мұнай қымбаттап, Ұлттық валюта нығая бастады! Бүгін Қазақстан қор биржасында АҚШ ақшасының бағамы 335 теңгеге түсті. Ақша айырбастау орындарында да доллардың ең жоғары бағамы 335 теңге 50 тиынды құрап отыр. Жалпы, жыл басынан бері теңге белсенді түрде нығайып келеді. Мәселен, қаңтар-ақпан айларында ұлттық валютамыздың рубльге шаққандағы бағамы 2,1 пайызға беки түскен. Бұл әуелі мұнай бағасына тікелей байланысты. Әлемдік нарықта қазір қара алтын құны көтеріліп жатыр. Мәселен, Бренд маркалы мұнай баррелінің құны 43 доллардан асқан.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
12.04.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары