{metadescription}
Астанада толғағы қысқан әйелді босандыра алмаған дәрігерлер сотталды
Астанада толғағы қысқан әйелді босандыра алмаған дәрігерлер сотталды

Астанада толғағы қысқан әйелді босандыра алмаған дәрігерлер сотталды

Отандық медицинада бұрын-соңды болмаған жағдай! Елімізде алғашқы рет науқасты өлтіріп алған дәрігерлер 1 жылға сотталды. Түрмеге тоғытылғандар Астанадағы перзентханалардың бірінде толғағы қысқан әйелді босандыра алмаған. Ал көп қан жоғалтқан келіншек операция үстелінде көз жұмады. Бірақ, сот үкімін тым  қатал деген перзентхана ұжымы әріптестерін қорғауға кірісті.

Жұмысына салғырт қараған дәрігерлер мына №2-ші  перзентханада жұмыс істеген. Акушер Владимир Калашников пен анестезиолог Григорий Азаров кесарево тілігі жасалған әйелдің денсаулығына жүрдім бардым қараған. Яғни, операция үстелінде 24 жастағы келіншектен қан кеткенін әбден кеш байқап, өлтіріп алған.

Қолдарына сот залында кісен салынған қос дәрігер де перзентханада 10 жылдан астам уақыт қызмет еткен екен. Тіпті, акушер Калашников 2012 жылы үздік дәрігер атаныпты. Енді салғырттығы үшін екеуі де, 1 жыл түрмеге жабылды. Әрі екі жыл ақ халат кию құқынан айырылып отыр. Бұл отандық медицинада бұрын-соңды болмаған жағдай. Бұған дейін науқастарды ажал құштырған Гиппократ антына берік жандар жеңіз жазамен құтылып кететін.

-Жылама.

-Қалай жыламаймын, өмірін енді бастаған 23 жастағы  қызым еді.

Ақ халаттылардың салғырттығынан болған қайғылы жағдай тек бұл емес. Жүрсін Тұрсынбаева да 3 жыл бұрын аяғы ауыр қызымен қоса құрсағындағы немересінен айырылған. Ақмаралдың тойдағы бақытты сәтіне қарап жылаған анасының айтуынша, дәрігерлер тіпті қызының қазасын жасырып жүріпті.

Жүрсін Тұрсынбаева, марқұмның анасы:

-Жатырын алған кезде қызымды өлтіріп алған. Бірден команың ауыр түрі 4-шісіне түсіріп тастаған. Ол өлген деген сөз екен. Миы бәрі істемейді құртқан. Жансақтау бөліміне «жатқыздық» деп бізді алдап, 44 күн әуреге салды. Қанша дәрі алып жүрдім.

Ақмаралдың дәрігерлердің салғырттығынан көз жұмғанын Денсаулық сақтау министрлігімен қоса, Ресейдің және отандық тәуелсіз сарапшылары да растаған. Қылмыстық іс те қозғалыпты. Бірақ прокуратура 3 жылдан бері істі сотқа жібермей отыр дейді марқұмның анасы.

Жүрсін Тұрсынбаева, марқұмның анасы:

-Бір емес, екі емес, үш емес төрт  экспертиза бар. Сонда біз не істеуіміз керек? Өліп кете беруі керек пе?

Осылайша, марқұмның анасы істің тезірек сотқа өтіп, дәрігерлердің заң алдында жауап бергенін қалап отыр. Ал, Елордада  1 жылға сотталған қос дәрігердің әріптестері болса, қол жинап Владимир Калашников пен Григорий Азаровтың кінәсіз екенін дәлелдеуге кірісті. Бірақ, осы медициналық жанжалдан кейін акушерлер толғақ қысқан келіншектерді босандыруға қорқып қалған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде