Алматыда қазақ күй өнерінің ұлы тұлғасы – Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші өтті
Күйші әрі композитор көзі тірі болғанда биыл 70 жасқа толар еді.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
13.04.2016
Осыған орай, талант иесінің артында қалған ұрпақтары мен өнердегі жолдастары әуезді кеш ұйымдастырды. Онда қазақтың Қаршығасының бірқатар шығармалары орындалды. Күй шеберінің бұрын-соңды орындалмаған туындылары да еске алу кешінің әрін келтіре түсті. Ғұмырында 100-ден астам күй шығарған Қаршыға Ахмедияров дәулескер күйші Динаның шығармаларын қайта жаңғыртумен де аты қалған. Тұлпардан тұяқ қалғандай, бүгінде марқұмның артында қалған ұл-қыздары оның ізін жалғап келеді.
Нұрбике Жұмағали, Қаршыға Ахмедияровтың жұбайы:
- Қайрекең өзінің кәсіби шеберлігіне байланысты талай-талай шығармалар туғызған. 100-дің үстінде шығармалары бар. Оны қолына домбыра ұстаған жастардың бәрі Қаршыға сияқты меңгермесе де, насихатталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!