{metadescription}
Семейде көмекке мұқтаж 4 шаңырақ бір сәтке болса да шаттыққа бөленді
Семейде көмекке мұқтаж 4 шаңырақ бір сәтке болса да шаттыққа бөленді

Семейде көмекке мұқтаж 4 шаңырақ бір сәтке болса да шаттыққа бөленді

Оларға қайырымды жандар азық- түлік, ал мүгедектері бар отбасына  арба әкеліп берді. Бұл бастаманы көтерген «Үміт бар» қоғамдық қорына жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетіпті.

Қайырымдылық керуені тағдырға мойынсынбай бір-бірімен жарасым тапқан Ринат пен Айдананы да тасада қалдырмады. Мүгедектік арбаға таңылған екеуі осыдан алты ай бұрын шаңырақ көтерген. Бүгінде туа біткен сал сырқатына шалдыққан жұптың алатын зейнетақысы жалдаған пәтерден аспайтын көрінеді. Сондықтан жүріп- тұруы қиын болса да отағасы алақан жайғаннан көрі өзім табуға тырысам дейді.

Ринат Мұсабаев, Семей қаласының тұрғыны:

-Жаз уақытында шекілдеуік сатамын. Ал қыс мезгілінде боспын. Сол, жазда жинаған қаржыны қыс бойы жеткізуге тырысамын. 

Ал 8 жасар Даниярға құны 120 мың теңге тұратын арба әкеліпті. Сал дертіне шалдыққанымен, өсіп келе жатқан балаға арбасы тар бола бастаған. Сол себепті соңғы кездері серуендеуден қалыпты.

Роза Ысқақова, Семей қаласының тұрғыны:

-Мына арбамен баланы сыртқа шығарып серуендетуге болады. Таза ауа жұтатын болды. Сол үшін қайырымды жандарға көп рахмет. Алғысымды айтамын.

Ал еріктілерге қап-қап картоп пен өзге де азық-түлікті сатып алуда жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар қолдау көрсеткен. Бірақ қайырымдылық шарасына көп жағдайда студенттер белсене атсалысады екен. Олар қолда барымен бөлісуден аянып қалмайтын көрінеді.

Руслан Жазыбаев, «Үміт бар» қоғамдық қорының мүшесі:

-Семейде қайырымды жандар бар. Бірі азық- түлік жеткізсе, енді бірі ақшалай көмек береді. Біз қоғамдық қор болғанымызбен сол кісілердің арқасында мұқтаж жандарға көмектесеміз.

Осы жолы қайырымдылық керуені 4 үйге ат басын тіреді. Олардың қатарында 9 баланы өмірге әкелген көпбалалы ана да бар.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.