{metadescription}
Маңғыстау облысында газ таппаған жүргізушілер шу шығарды
Маңғыстау облысында газ таппаған жүргізушілер шу шығарды

Маңғыстау облысында газ таппаған жүргізушілер шу шығарды

Маңғыстау облысында сұйытылған газ тапшы! Өңірдегі жалғыз газ өңдеу зауыты таяуда жұмысын 3 күнге тоқтатпақ. Сол уақытқа қор жинап алу үшін жеке кәсіпкерлерге көгілдір отынды шектеп беруге көшкен. Ал бұл уақытта Ақтаудағы газ құю бекеттерінде сұйық газ жоқ болып кетті. Бірен-саранында болғанымен оның өзін талонмен береді немесе сағаттап кезек күтуге тура келеді.

Ақтауда ірілі-ұсақты 200-ден аса газ құю бекеті бар. Бірақ көктем шыққалы соның бір де бірі көгілдір отынды тұрақты сатпаған. Соңғы аптада жағдай тіпті қиын. Газ құю бекеттерінің көпшілігінде сұйық газ жоқ болып кетті. Бары тек талонмен береді немесе кезегін сағаттап тосуы тиіс. 

-Алдымен жүргізушілерге көгілдір отыны бар газ құю бекетін тауып алу керек. Одан соң мынадай ұзын сонар кезекте 2-3 сағаттап тұруына тура келеді. Ал кезегі келгенде бекетте сұйық газ таусылып қалмаса деңіз.

Қаланы шарлап сұйық газ іздеп жүргенде көлігінің отыны таусылып қалғандар да жетерлік. Олар темір тұлпарын бекеттерге сүйреп немесе итеріп алып келіп жатыр. 

Мұрат Нәрметов, жүргізуші:

-Бір жарым ай болды. Күндіз үш жарым сағатта қанша жұмыс жасауға болады. Үш жарым сағат кезекте тұрып жұмыс өнбей жатыр.

Ал кәсіпкерлер болса зауыт газды шектеп беріп жатқанын айтады. Себебі кәсіпорын таяуда 3 күнге жабылатын көрінеді. Қор жинау үшін зауыт осындай қадамға барған. Ұзаққа созылған газ мәселесі жүргізушілерді әбден тығырыққа тіреген соң енді олар ашуын газ құюшылардан ала бастады.

-Халықтың көңіл күйі қалай? 

-Өте нашар, өте төмен.

-Не деп жатады?

-Не деп жатады? Аузына келгенін оттап кетеді. Біз не істейміз оған? Біз шешпейміз ғой дұрыс па?

Ал газ өңдеу зауытының басшылары қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатырмыз дейді. Күніне 400 тонна өнім шығарып отыр. Ал, жыл сайын көктемде газдың құруы кәсіпкерлердің өнімді Ресейге тасып кетуі себеп болуы мүмкін. Себебі оларда газ әлдеқайда қымбат. Сондықтан бізге де бағаны солармен теңестіру керек. Қазір оның бір литрі 27 теңге екен. 

Кәрім Нағманов, газ өңдеу зауытының директоры:

-Газдың бағасын өсіру керек. 2015 жылдың март айында біз деген 31 000 теңгеден сатып отырған тоннасын сұйық газды 11 мыңға түсіріп тастады. Яғни 3 есе кем түсті. Осыдан бастап дифицит басталды. 

Қазір көрші елдерге заңсыз газ тасымалының жолын кесумен құқық қорғаушылар айналысып жатыр. Облыстан шығатын жолдардың бәріне полицейлер қойылған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.