{metadescription}
Ақтөбеде 51 жастағы әйелді қоқыс жинайтын көлік басып кетті
Ақтөбеде 51 жастағы әйелді қоқыс жинайтын көлік басып кетті

Ақтөбеде 51 жастағы әйелді қоқыс жинайтын көлік басып кетті

Қоқыс таситын көлік тағы адам қағып өлтірді. Бұл жолы қайғылы оқиға Ақтөбеде болған. Ауыр техниканың жүргізушісі артта кетіп бара жатқан 51 жастағы әйелді байқамай жаншып тастапты. Марқұмның жақындары жүргізушіні кінәлауда. Өйткені тұрғындар бұған дейін де коммуналдық көлікті қалай болса солай жүргізетіндерге ескерту жасаған екен.

Жарынан айрылған Ержан Ахметов болған оқиғаны өз көзімен көрсе де әлі сене алар емес. 51 жастағы жұбайы Күләш сол күні жұмысқа кетіп бара жатыпты. Қақпадан шыққан бойда қоқыс тиеген көлік артымен жаншып, төрт доңғалағымен басып өткен. 

Ержан Ахметов, марқұмның жұбайы:

-Қоқысты  атып үлгеру керек. Мына арада жинады ма, апыл-кұпыл кетеді басқа объектіге шыны керек.Жүргізушіге айттым,бір күні «адам басасыңдар «деп. Келіп менің келіншегімді өлтіріп отыр.

Әйелді қағып кеткен жүргізуші қазір қала тазалығымен айналысатын мекемеде қара жұмыс істеп жатыр. Рөл ұстаудан өзі бас тартыпты. Дегенмен, басшылары көлік артынан өткен әйелді көру мүмкін болмады деп ақталып отыр.

Манат Бекеев, «Таза қала» ЖШС бөлім басшысы:

-Шегініп келе жатқанда өзі көрінбейді арты деген. Биік машина өзі. Ол көше енді тар көше.

Қоқыс жинайтын көлікті тәртіп сақшылары айыппұл тұрағына алып кеткен. Жүргізушінің айтқан уәжіне қатысты техника да сараптама үшін сынақтан өтетін болады.

-Жүргізушілер мынандай қоқыс жинайтын көлікті артқа жылжытудың қауіпті екенін айтады. Ол үшін қозғалыс кезінде үнемі көз жанарын айнадан алмай отыруы қажет. Бірақ арттағы жағдайды толық бақылап отыру мүмкін емес екен. 

Айта кетелік, осыдан екі апта бұрын Қарағандыда да қоқыс жинайтын көлік 12 жасар баланы қағып өлтірген. Ол кезде жүргізуші жылдамдықты асырыпты. Ол оқиғаны да қазір тәртіп сақшылары тексеріп жатыр. Негізі  тазалықпен айналысатын осындай көліктердің жылдамдығы сағатына 40 шақырымнан аспауы тиіс екен. Ал артқа қозғалатын болса арнайы белгі беруге міндетті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде