Елімізде есірткі сататын мафия мүшелері қолға түсті
Солтүстік пен орталыққа тоқтаусыз тасымалданып жатқан есірткінің жолы бөгелді. Ішкі Істер министрлігі соңғы жылдары болмаған ауқымды операция өткізіп, халықаралық контрабандалық топтың мүшелерін жаппай ұстады. Голливуд фильмдеріне бергісіз тұтқындаулар Қостанай, Рудный, Лисаковск, Қарағанды қалаларында бірдей жүрген.
Автор: Досжан Маратұлы
13.04.2016
Тапа-тал түсте автомат асынған арнайы жасақ зәре-құты қашқан тұрғындардың көзінше, қылмыстық топ мүшелерін тура көшеде қолға түсірді. Есірткі сатуды кәсіпке айналдырғандарды ұстау үшін полицейлер жарты жыл бойы аңдып, мафияның жұмыс істеу тәсілін зерттеген. Кейін қаскөйлерге, есірткіні сенімді такси жүргізушілері мен пойыз жолсеріктері жеткізіп жүргені анықталды. Тіпті, клиенттердің де ақшасын өздері емес, қаңғыбастарға алдыртып отырған екен. Сөйтіп, көлеңкеде отырып-ақ, 2 жыл ішінде жарты миллиард теңге пайда тапқан. Қолға түскен 15 делдалдың арасында қылмыстық ортада «Алғашқы қарлығаш» деген атпен таныс Қырғызстанның атақты есірткі баронының күйеу баласы да бар. Қылмыстық топқа да сол 36 жастағы қырғыз азаматы жетекшілік еткен.
Сұлтан Құсетов, ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес департаментінің басшысы:
-Қырғызстан азаматы да Қазақстан заңдары бойынша сотталады. Оларды ұстаған кезде көліктерінен құны 100 миллион теңгенің героині тәркіленді. Қазір тағы 16 адамның қылмысқа қатысы бар жоғы анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!