Теріскейдегі топан су теміржолдарға да қауіп төндіріп тұр
Жуырда ғана еліміздің бас құтқарушысы болып тағайындалған Юрий Ильин Солтүстік Қазақстанға барған сапарында осыны байқапты. Сондай- ақ, вице-министр қызыл су әлі де Ақтөбе, Қостанай және Шығыс Қазақстан жұртын әбігерге салатынын да ашып айтты.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
13.04.2016
Жаңа басшы алдымен өңірдің су басады-ау деген ауылдарын тікұшақпен қарап шықты. Айтуынша, қазір өңірде тасқынның беті қайта бастаған. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысында биыл 15 ауылдағы 400 ге жуық үйді су басып, 50 ден астам ірілі- ұсақты мал қырылған еді. Мамандарды қазір Үлкен Тораңғұл өзенінің жағдайы алаңдатып отыр. Бұрын соңды тасымаған өзен суы қазір ернеуінен бір жарым метр көтеріліпті. Бұл жақын маңдағы елді мекендерге ғана емес, жолдарға да кесірін тигізер түрі бар.
Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
-Ол «Явленка –Корнеевка» облыстық маңыздағы жолдың үстін басып, 700 метрдей ширақтықпен өтіп жатыр. Ол енді төмен түсіп, республикалық «Астана-Петропавл» жолы мен «Қазақстан темір жолына» қауіп төндіріп отыр. Соны қазір қарастырып шара қолданып, бүгін сол проблеманы шешеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!