Елімізде саудасын қыздырған шетелдік интернет дүкендер тақырға отыруы мүмкін
Өйткені, тауарын онлайн сатып мол пайдаға кенелетін компанияларға үлкен салық салу мәселесі қаралып жатыр. Бүгін осындай бастама көтерген депутаттар премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына сауал жолдады.
Автор: Досжан Маратұлы
13.04.2016
Өйткені, Қазақстандағы клиенттеріне интернет арқылы тауар сататын шетел компанияларының бірде-бірі салық төлемейді. Тіпті, басым бөлігі заңды түрде тіркелмеген. Сондықтан салық төлеуден жалтарып келеді. Ал, отандастарымыз жыл сайын бір миллиардтан астам ақшасын киім-кешек, кітап, түрлі техника алу үшін интернет арқылы шет елге жібереді екен. Сөйтіп, өз еліне салық төлейтін шетел компанияларын байытып отыр. Мәселен, былтыр еліміздегі барлық интернет дүкендердің табысы 3 жарым миллиард долларды құрапты. Оның 60 миллионы ғана отандық сайттарға тиесілі. Сондықтан әлемде интернет саудасының қызып тұрғанын айтқан мәжілісмендер шетінен салық салуды ұсынды.
Аманжан Жамалов, мәжіліс депутаты:
-Салықты отандық интернет дүкендер ғана төлеп отыр. Нарықта тең дәрежеде жұмыс істеуі үшін шетелдіктерді де салық төлеуге мәжбүрлейтін заң қабылдауымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!