{metadescription}
Жамбыл облысында 30 жастағы келіншек қырым қанды безгегінен көз жұмды
Жамбыл облысында 30 жастағы келіншек қырым қанды безгегінен көз жұмды

Жамбыл облысында 30 жастағы келіншек қырым қанды безгегінен көз жұмды

Марқұмның дене қызуы көтеріліп, ауруханаға хал үстінде түскен. Алайда сол күйі беті бері қарамастан 4 күннен соң ажал құшты. Өлген әйелдің жақындарының айтуынша, дәрігерлер науқасқа дер кезінде диагноз қоя алмай, ауруын асқындырып жіберіпті.

Бірақ онысын камераға айтудан, тіпті өздерінің бет-жүздерін  көрсетуден бас тартуда. Бұл қайғылы оқиға жергілікті билікті аяғынан тік тұрғызды. Қазір қауіпсіздік үшін ауылдағы қора-қопсының барлығы залалсыздандырылып жатыр. Жалпы саны 31 адам қауіпті дертті жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілінсе, жетеуі ерекше бақылауға алынған. Олардың ішінде марқұмның күйеуі мен 2 баласы бар. Алайда әзірге ешқайсынан вирустың белгілері байқалған жоқ. Ал дәрігерлер келіншекті Қырым қанды безгегін тарататын кене шаққанын растады. Сақтық үшін оның денесі туыстарына да берілмей, мамандардың өздері жерлеген. Бұл жағдайдан кейін жергілікті тұрғындардың зәресі қалмай отыр.     

Әтіркүл Мерсейітова, Диқан ауылының тұрғыны:

-Шын мәнісінде бұны қайдан келгенін білмейміз. Ұшып келетін нәрсе ме жабысатын нәрсе ме, білмейміз. Естігеннен кейін қорқып тұрмыз бәріміз, әкім айтты ғой үйме-үй бәрін дәрілесін деп. Малы бар-жоғын түгел дәрілесін деп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде