{metadescription}
Алматыда қараусыз қалған бүлдіршінді көшеде иттер талап өлтірді
Алматыда қараусыз қалған бүлдіршінді көшеде иттер талап өлтірді

Алматыда қараусыз қалған бүлдіршінді көшеде иттер талап өлтірді

3 жасар бүлдіршін қаңғыбас иттердің құрбаны болды! Алматыда қараусыз қалған ойын баласын көшеде иттер талап өлтірді. Тіпті жалаңдап аш жүрген мақұлықтар сәбидің сүйегін сайға сүйреп, жемекші болған. Кейін баланың мәйітін атасы іздеп жүріп тауыпты. Қазір бұл ауданның тұрғындары бала тұрмақ, көшеге өздері шығуға қорқып отыр. Ал қашанғыдай кеш қимылдайтын әкімдік, тек оқыс оқиғадан кейін тобымен жүрген иттерді аулауға адам жіберген.

Көше кезген иттер 3 жастағы бүлдіршінге таңғы уақытта тап берген. Кішкентай Әнел өзінен 2 жас үлкен бауырымен үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген екен. Үйдің артындағы сайда баласы таланып жатқанда анасы да үйде болған. Тек, үйдің маңында қай кезде де тобымен қаптап жүретін иттер қабады деп ойламаса керек. Ал құттырған мақұлықтар сәбиді оңдырмай талап, тіпті жеу үшін мәйітін сайға қарай сүйрей жөнеліпті.

Дәурен Қойшыбеков, көршісі:

-Сай жақта сүйреп алып кеткен жаңағы иттер. Атасы артынан іздеп жүрген, таппаған. Кейін атасы келіп екі итті көргенде, екі ит тістеп жеп жатқан . Бір ит қашып кеткен, кейін екіншісі де қаша жөнелген.

Әнел үйдегі 4 баланың кенжесі, әрі жалғыз қыз. Аяқасты болған оқиғадан қара жамылған отбасыға таңертеңнен бері тума-туыс көңіл айтып келіп жатыр. Ойын балаларын есік алдына жіберуге бұл ықшамауданның тұрғындары да қорқып қалған. Өйткені, тобымен жүретін қаңғыбас иттер қашан да мұнда аз болған емес.

Қылышбек Жаңабаев, көршісі:

-Қазір ұстағандары 10 ит. 30-дан астамы әлі ұсталған жоқ. Келіп бір кез ұстаған екен. Жоқ болып кетеді. Одан кейін қайта пайда болады.

Қанды оқиғадан кейін Ақбұлақ ықшамауданына ит аулаушылар да шұғыл жетті. Айтуларынша, бірер күн бұрын ғана иесіз мақұлықтарды аулауға келіп, таппай кеткен екен. Оның үстіне, қараусыз үйге кіріп алған соң ішке рұқсатсыз бас сұға алмадық деп сендірді ит атқыштар. Тіпті, тұрғындардың бірі иттің иесімін деп ветеринарлық қызметкерлерге оны бермепті.

Жылкелді Тілесбаев, Алматы қалалық ветеринария орталығы директорының орынбасары:

 -Біздің экипаж 2-3 күн бұрын барған. Сол итті ұстап алғанда экипаждан тартып алған. Осыдан 2-3 күн бұрын. Күзетші экипажбен ұрысып тұрып тартып алғанын айтады. Мынау менің итім деп .

Бірақ бүгін Әнелдің өмірін қиған төбеттердің иелері табылмады. Қазір бұл іс бойынша сот-медициналық экспертиза тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде