Астанада 3-ші сынып оқушысы кеудесін жерге тигізбей әлем рекордын жаңартты
Астаналық 9 жасар бала төзімділіктен әлем рекордын жаңартты.Әмір Махмет аяғы мен қолын тіреп, кеудесін жерге тигізбей 1 сағат тұрды. Бұл межеге Қазақстанда, тіпті дүние жүзінде балалар арасында ешкім қол жеткізген емес.
Автор: Жәудір Оразхан
14.04.2016
Әмір дәл осы қалпынан таймай 60 минут тұрды. Сөйтіп, бүгін Қазақстанның рекордтар кітабына үшінші рет енді. Ол Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 550 рет кеудесін көтеріп көзге түскен еді. Бұл жолғы жетістігін 23-ші сәуірде Лос-Анжелесте өтетін боксшы Геннадий Головкиннің Доминик Уэйдпен жекпе-жегіне қолдауға арнапты. Өйткені, Әмір де қазір кәсіби бокспен айналысып жүр. Ал, жас спортшының қабілетін ата-анасы жыл бұрын байқаған. Әмір үйдегілерден планшет сатып алып беруді сұрайды. Әкесі оған «егер 250 рет кеудеңді көтерсең, айтқанын орындаймын» деп уәде берген екен. Бала еш қиындықтыз бір апта бойы күніне 250 рет кеудесін көтеріп, туыстарын таң қалдырған. Әмір бүгін де бастапқы жарты сағатта сол планшетін қолына алып, ойын ойнады.
Әмір Махмет:
-Планка ұстағанда маған ауыр болған жоқ.Енді мен мың оджимания істесем деймін.Осы рекордтарды жаңарта беріп, қазақтың атын әлемге танытқым келеді. Өскенде болашақта мен Қажымұқан атам сияқты қазақтың атын әлемге танытатын спортшы болсам деймін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!