{metadescription}
Ақтөбедегі  мыңдаған  оқушы  спорт алаңынан айрылғалы тұр
Ақтөбедегі  мыңдаған  оқушы  спорт алаңынан айрылғалы тұр

Ақтөбедегі мыңдаған оқушы спорт алаңынан айрылғалы тұр

Ақтөбедегі үш бірдей мектептің оқушылары спорт алаңынан айрылғалы тұр. Оның орнына кәсіпкер жабық мұз айдынын салуды жоспарлаған. Тек бұған ата-аналар үзілді-кесілді қарсы. Олар қаладағы бос жатқан басқа жерлерді таңдауды талап етіп отыр. Дегенмен, жердің иесі құрылыс жұмыстарын бастау үшін алаңды қоршап үлгеріпті. Ал балаларға дене шынықтыру сабағы мектеп ауласында өтіп жатыр.

-Ақтөбенің қақ ортасындағы мына ықшамауданда үш мектеп қатар орналасқан. Осы білім ошақтарына ортақ жалғыз алаңда оқушылар дене шынықтыру сабағын өткізіп, тұрғындар кешқұрым спортпен айналысады. Осыдан бір апта бұрын белгісіз құрылыс компаниясы келіп, қоршау салып, мұнда ешкімді жолатпай қойған.

Бұл маңдағы үйлер онсыз да бір-біріне жапсарлас орналасқан. Кейін қуыс-қуыстан коммерциялық нысандар салынғанда тіпті еркін жүру мүмкін болмай қалыпты. Енді ашық жатқан балалардың жалғыз спорт алаңын тартып алғалы отыр дейді ашулы жұрт.

  Болат Қуатов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Ешкім санасқан жоқ. Ешкім бізге айтқан жоқ. Бәрінде мың-мың баладан үш мың бала. Не далада қаңғи ма? Қай жаққа жаттығады?

Алаңдағы спорттық жабдықтарды құрылыс компаниясының өкілдері жұлып тастапты. Қазір ол құр темір-терсек боп үйіліп тұр. Ал оқушылар болса дене шынықтыру сабағын мектеп ауласында өткізуге мәжбүр.

Қанат Ідірісов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Жалғыз оқушыларға ғана емес, осы маңда тұратын жастарға да қиын болып тұр. Кешке қарай жүгіріп, осында шынығатын едік. Ал арнайы залға баруға жастардың бәрінің  бірдей ақшасы жоқ.

Ал шенеуніктер халықтың бұлай қарсы шығуын түсінбей отыр. Өйткені жабық мұз айдынымен қоса жанынан тұрғындарға арнап шағын демалыс алаңын салуды жоспарлапты. Бірақ оған жеке кәсіпкердің ақшасы жұмсалғанымен, мемлекет меншігінде болады деп сендірді.

Жандос Байырханов, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары :

- Қаланың құзіретінде, болады. Бұл мемлекеттік болады және де балалардың ғана ойнауына арналған болады.

Десе де, тұрғындар шенеуніктерден жабық мұз айдыны үшін басқа бос жерді таңдауларын талап етіп отыр. Ал оқушыларға арналған спорт алаңынының бұрынғысынша қала бергенін қалайды. Олай болмаған жағдайда сотқа шағымданамыз деп шешкен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.