Ақтөбе облысында безбүйрек ана жаңа туған нәрестесін подъезге тастап кеткен
Құндақтаулы сәбиді сол үйдің тұрғындары тауып алды.
Автор: Жаңалық Ахаш
14.04.2016
Ал жанынан табылған бір тілім қағазда ұл баланың туған күні жазылған екен. Бөбек осыдан бір апта бұрын дүниеге келіпті. Салмағы 2 келі 800 грамм сәбиді тәртіп сақшылары жетімдер үйіне жетді. Ондағылар көкек ана табылмайынша, оған ат қоймай отыр. Өйткені нәрестеден бас тарту туралы арыз немесе іздеудің нәтижесіз болғаны туралы құжат қажет. Әзірге белгілісі көкек ана перзентханада емес, үйде босанған. Сондықтан медициналық мекемелерге тізімге тұрмаған болуы мүмкін.
Қадірбек Иманбаев, «Үміт» сәбилер үйінің бас дәрігері :
-Бұл жағдайда балаға екпе жасалынбаған. Тек қана 9-ы күні аудандық орталық ауруханада сол екпе жасалады. Соған қарағанда баланы жаңағы тұрмыстық яғни үйде босанған деген ой туып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!