Жер саудасына қатысты дауға Мамытбеков араласты
Үлкен дау тудырған жер саудасына қатысты Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеме жасады. Асылжан Мамытбеков жер телімдері шетелдіктерге мүлдем сатылмайды деп сендіріп отыр.
Автор: Ербол Сейілхан
14.04.2016
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
-Ол жер көбінесе, жер пайдаланушылардың өздеріне сатылады. Және біздің жер кодексіміз бойынша, Қазақстанның заңы бойынша, ешқандай шетелдіктерге ауыл шаруашылық жері сатылмайды деп жазылған. Сондықтан ол өзіміздің азаматтарымызға және жергілікті компанияларға тиесілі болады.
Осылайша, министр жұрт бекерге дүрлігіп жүр деген сыңай танытты. Бір қызығы, бұл атышулы құжатты қос палаталы Парламент бекітіп, енді ол 1-ші шілдеден бастап күшіне енуі тиіс. «Жер телімдері сатылмауы керек» деп күні кеше аяқасты пікірін өзгерткен коммунистердің де кезінде сол заңды жақтап дауыс бергенін айта кетейік. Негізі, қабылданған құжат бойынша, 2 миллионнан астам ауыл шаруашылығы жерлері аукцион арқылы жекеге берілуі тиіс. Бірақ , бүгін министр Мамытбеков заңда «шетелдіктерге жер сатылады» деген баптың жоқ екенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!