Алматыда жантүршігерлік апаттан көз жұмғандардың аты-жөні анықталды
Алматыдағы ірі жол апатынан қаза тапқандардың аты-жөндері белгілі болды. Олардың бірі 54 жастағы Жанат Кеңесбаева. Ал екіншісі оның ағасы болған.
Автор: Диас Нұрақын
15.04.2016
Кешелі бері қара жамылған отбасыға туған-туыстары келіп, көңіл айтуда. Тіпті бүгін апатқа кінәлі полиция қызметкерінің ата-анасы да кешірім сұрап келіпті. Алайда, оларға марқұмның туыстары кешірім бермек түгілі үйлеріне де кіргізген жоқ. Ал екі адамды қағып өлтірген полицейдің жұмыс орнында да бұл жағдай туралы жақ ашпады. Кеше тәртіп сақшылары отырған жеңіл көлік көшенің қарсы бағытымен жүйткіп, екі адамды басып кеткен болатын. Қатты соққыдан тіпті бөлшектеніп кеткен марқұмдардың денесін әр жерден жинап алуға тура келді. Ал апатта зардап шеккен тағы бір адам ауруханада жатыр. Ол БМВ-дағы полицейлердің бірі болуы мүмкін.
Владимир Семенов, Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:
-Жол апатынан кейін бізге бас жарақаты және аяғы сынған 1978 жылғы науқас жеткізілді. Айтуынша, соғысқан көліктердің бірінде отырған. Қазір оның аяғына ота жасаймыз. Жалпы денсаулығы жақсы, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!