Оңтүстік Қазақстанда ұсталған күдікті тәртіп сақшыларын сан соқтырды
Ойын автоматтарымен ақша тауып жүрген Дмитрий Ким тергеу кезінде бірден кінәсін мойындап, тіпті сөзге келместен жазбаша түсініктеме қалдырған. Алайда арада екі сағат өтпей құжаттағы бүкіл жазу жоқ болып кеткен.
Автор: Бек Әбиев
19.04.2016
Сөйтсе гәптің бәрі қаламсапта болып шығыпты. Жазған соң екі сағаттан кейін сиясы өшетін қаламмен құжаттарға қол қойған. Құрамындағы спирті бар сия кепкен кезде жоғала береді екен. Сондықтан Дмитрий Ким түсініктемесін қайта қағазға түсіруден бас тартқан. Алайда куәгерлерді қайта шақыртып, протоколды да жаңадан жазған соң 30 жастағы күдіктінің ісі сотқа жолданды.
Нұржан Боранбаев, Мақтаарал ауданының прокуроры:
-Айтуы бойынша сондай қаламсап екенін білген жоқ. Одан кейін тергеу кезінде, содан кейін де қол қоюдан бас тартты.Сөйтіп сотқа барған кезде басқа да дәлелдемелерді ұсынған кезде ол өзінің кінәсін мойындауына тура келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!