Алматыда кене қаптап кетті
Көктем келіп, күн жылысымен Алматыда кене де қаптай бастады. Тек бір айдың өзінде қансорғыш жәндіктер шаққан 450-ге жуық адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе көп.
Автор: Олжас Байжан
19.04.2016
Дегенмен, әзірге кене шаққан жері асқынып, ауруға ұласқан жайттар тіркелмепті. Тұрғындар бұл ретте қарапайым сақтық шаралар сақтаса болғаны. Әйтпесе, тырнақтың ұшындай ғана жәндіктен тарайтын энцефалит дерті адамды өмір бойы мүгедек қылып тастауы мүмкін. Ал залалсыздандыру жұмыстары ауа-райының құбылмалы болуына байланысты кеш басталып отыр. Бүгін санитар дәрігерлер адам көп жиналатын Медеу мен Алма-Арасан шатқалдарында арнайы құрылғылардың көмегімен у шашып шықты. Ендігі кезек қала ішіндегі саябақтар мен демалыс орындарында.
Бекболат Өтегенов, дезинфекционист-дәрігер:
– Ауа-райы себебінен біздің кестеміз кешірек басталды. Бірақ сонда да бүкіл жұмыстарды сәуір айының соңы, мамыр айының басында түгел бітіреміз. Таудан төмен қарай жүріп жатырмыз. Үлкен Алматы көлінен келе жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!