СҚО-да жүздеген баланың астан ұшынуына себепкер болған аспаз сотталды
Жүздеген баланың астан ұшынуына себепкер болған бас аспаздың екі жылға бостандығы шектелді. Былтыр Солтүстік Қазақстан облысындағы «Серебряный бор» балалар лагерінде демалып жатқан 103 оқушы ұшынып ауруханаға түскен. Кейін бұған дизентерия қоздырғышын жұқтырған бас аспазшы кінәлі екені анықталған болатын.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
19.04.2016
Былтыр жазда түсірілген мына кадрларда лагерьде қалған сау балалар үйлеріне жиналып жатыр. Ал олардың 103 құрдасы бұл кезде ауруханада астан уланып жатқан еді. Бесеуі тіпті жансақтау бөліміне түсті. Құдай, сақтап, балалардың бәрі кейін сауығып кетті. Ал лагерь қызметкерлерін тексеру барысында бас аспаз Татьяна Лайдыкерден дизентерия қоздырғышы анықталған. Ол денсаулығы туралы жалған санитарлық құжат жасатыпты. Бұл істі жарты жылдан астам уақыт қараған сот аспазшыға екі жылға бостандығын шектеу туралы үкім кесті. Оған қоса, тиісті білімі де жоқ әйел енді 3 жыл бойы қоғамдық тамақтану саласынан аластатылатын болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!