{metadescription}
Атырауда су астында қалған жұрт әкімдерінің шаңын қақты
Атырауда су астында қалған жұрт әкімдерінің шаңын қақты

Атырауда су астында қалған жұрт әкімдерінің шаңын қақты

Жауынның әлегі Маңғыстаудан соң Атырауға да жетті. Мұнда да бірнеше күннен бері толастамаған жаңбырдың кесірінен облыс орталығының өзінде аяқ алып жүру мүмкін емес. Белшеден су мен балшық кешкен жұрт үйлерінен шыға алмай отыр. Бала-шаға мектепке, өздері жұмысқа жете алмай ашулы жүрген тұрғындар бүгін жаттанды сөзін дайындап келген әкімді жағадан алуға дейін барды.

Бұл – жол азабын тартқан қала іргесіндегі Жұлдыз-3 ықшамауданының тұрғындары. Ашуы әбден қайнаған жұрт кешқұрым жаңбырды да елеген жоқ. Орталарына әкімдерін шақырып алып, шаңын қақты.

-Адам баласымыз ғой, бізді әкіміміз қолдамағанда кім қолдайды?! Халқым деп тұрған жоқ қой, халқы үшін жұмыс істейтін  адам осылай жүре ме?

Тұрғындардың айтуынша, осы ықшамаудандағы 24 көшенің бір де біреуінде жол жоқ. 5-6 жыл бұрын жергілікті әкімдік осы аумақтан жер берген. Белгіленген мерзім ішінде пайдаланылмаған учаскілер қайтарылатын болған соң, барлығы апыл-ғұпыл баспана көтереді. Жарық пен суды да айқаймен әзер тартқызған олар енді жолдың қиындығын тартып-ақ отыр.

Бибігүл Аманғалиева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Мына жерде «Арман» деген дүкен бар. Соның қасына аяқ киімізді, резеңке етігімізді шешіп кетемі.Одан сол жерге тастап кетеміз, қайтадан киіп, үйімізге келеміз.

Бақыт Рақымова, Атырау қаласының тұрғыны:

-Балаларымыз бір күн барса, екі күн бармайды сабаққа. Директорлар оны түсінбейді, сабаққа әкеліңдер дейді.  Біз мына түрімізбен жолға әрең шығамыз бала түгіл.

Көпшіліктің сөзінше, тапқан табыстарын тамақтан гөрі резеңке етікке көп жұмсайды. Балшықтың бел ортасында отырған халықты сыртқы дүниемен байланыстырып отырған тек – жол талғамайтын көліктер.

Бұл тұрғындарға әлі біраз жыл осылай жүруге тура келетін сыңайлы. Өйткені, биыл қала бойынша салынуы тиіс 160 көшенің ішіне Жұлдыз-3 ықшамауданы тағы кірмей қалыпты.

Эдуард Оспанов, Атырау қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық  бөлімі бсшысының орынбасары:

-Тамыз -  қыркүйек айларына дейін басты-басты 5 көшесін жөндейміз.  Барлық 24 көшесіне ақша бөлінеді деп айта алмаймын.

Шенеуніктің жаттанды уәдесіне жұрт сол күйі сенген жоқ. Ашулы тұрғындар енді жақын арада жол төселмесе наразылық шарасына шығамыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде