{metadescription}
Алматыда есірткімен ұсталған ұшқыш нашақор екенін мойындады
Алматыда есірткімен ұсталған ұшқыш нашақор екенін мойындады

Алматыда есірткімен ұсталған ұшқыш нашақор екенін мойындады

Алматы әуежайында есірткімен ұсталған ұшқыш өзінің нашақор екенін мойындады. Алайда сот алдында бүгін жауап бере бастаған Роман Быков «шөп шегіп, ұшақ тізгіндеген емеспін» деп отыр.

Қалтасынан шыққан марихуаннаны да ұшақтың баспалдағынан тауып алғанын айтып ақталды. «Эйр Астана» компаниясында он жыл жұмыс істеген ұшқыш ара-тұра есірткі қолданатынын жасырған жоқ. Бірақ жұмыс кезінде жат қылықтан аулақпын деп ақталып отыр. Яғни, әуе компаниясының ішкі жарғысы бойынша ұшқыштарға көкке көтерілерден 48 сағат бұрын қандайда бір психотроптық зат қолданып, алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салынған екен. Айыпталушы бұл қағиданы қатаң ұстанатынын алға тартуда. Естеріңізге салсақ, өткен айда Мәскеуден ұшып келген ұшқыштың қалтасынан есірткі табылған болатын. Осыдан кейін 39 жастағы Роман Быков бірден жұмыстан қуылып, енді үш бап бойынша сот алдында жауап беріп жатыр. 

Роман Быков, айыпталушы:

-Ұшақ тізгініне есірткі қолданып алып отырды деген айыппен толық келіспеймін. Ұсталардан бір апта бұрын шеккенім рас. Алғаш рет марихуаннаны 2015 жылы тартып көргем. Содан бері айына 2-3 рет жұмыстан бос уақытта шегіп жүргенмін. Ал ұшар алдында мүлдем қолданбаймын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде