Атырауда шенеуніктерді картоп алуға міндеттеген
Атырауда тұрақтандыру қорындағы өніп кеткен картоп мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне күштеп сатылуда. Былтырғы өнім ысырап болмас үшін жергілікті билік осындай қадамға барыпты. Бірақ, әбден іріктеліп қалған картопты сатып алуға айлығы шайлығынан әрең артылатын қызметкерлер қарсы.
Автор: Жанар Низамутдинова
20.04.2016
-Басшылар бізге жиналыс жасап картоп алуға міндеттеді. Ақшасын жинап қойдық, жұмысшылар жұмыстан шығып кетуден қорқады.
Жергілікті шенділер қоластыларындағы әрбір бөлім қызметкерлеріне 10 келіден картоп алуды міндеттепті. Бағасы - 70 теңгеден. Бірақ, саудаға биылғы өнімнің осы бағамен түсіп жатқандығынан хабардар жұрт қалдықты алуға қарсы. Қызметтерін ойлаған қарапайым қызметкерлер бұл туралы журналистерге хабарлағанымен, бас біріктіріп, ашық қарсылық білдіруден қорқып отыр. Ал, қалалық әкімдіктегілер бұл қадамға жұмыстан босамай, базарға бара алмайтын қызметкерлерінің қамын ойлағаннан бардық дейді. Тіпті бағаны да айқай-шудан кейін аяқасты түсіре қойыпты.
Қадырғали Тұрғанов, Атырау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
-Біздің де жұмысшыларымыз базарға баратын уақыт таппай қалады. Сондықтан халыққа қол жетімді бағамен жеткізу бағытында жасалып жатқан іс-шара, ешкімді ешкім бұл жерде мәжбүрлей алмайды. Мен алмаймын мысалға қажеті жоқ болса. Қажеті болғандықтан өзім де алдым.Менің көлік жүргізушім де алды, қуана-қуана алды, ертең тағы алайын деп жатырмыз,56 теңгеден.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!