{metadescription}
Астанада әлемге әйгілі сарапшылар тегін шеберлік сағатын өткізуде
Астанада әлемге әйгілі сарапшылар тегін шеберлік сағатын өткізуде

Астанада әлемге әйгілі сарапшылар тегін шеберлік сағатын өткізуде

Мұнайға тәуелділіктен қалай құтыламыз? «Қара алтын»  құнының құбылуына не себеп? Ақпараттық соғыс кімге тиімді? Ақпарат құралдары арқылы ел ішін алатайдай бүлдіргісі келетіндер нені көксейді?  Жауласқан мемлекеттер татуласа ала ма? Әлемді толғантқан осындай басты сауалдарға Астанада басталған 13-ші Еуразиялық медиа форум жауап іздеп көрмек. Аузы дуалы саясаткерлер, сарапшылар, экономистер мен  журналистер тығырықтан шығудың жолын бірігіп іздеуге кірісті.

Бүгін басталған маңызды басқосудың алғашқы күні шетелдің азулы саясаткерлері мен сарапшылары шеберлік сағатын өткізді. Онда Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Джек Стро үлкен саясаттағы өмір туралы айтса, Лондоннан келген Сайман Анхольт ел имиджін арттырудың қыр сырын түсіндірді. Құнды мәліметтерді тыңдау тегін.

Руслан Жемков, Еуразиялық медиа форумның бас директоры:

-Спикерлердің барлығы өте мықты. Түрлі елдердің экс-президенттері мен министрлері және экономистер бар. Негізі олардың лекциясы қыруар қаржы тұрады. Ал, форумға қатысушылар барлығын тегін тыңдап, қажетті білім алуға мүмкіндік бар.

Форум шеберлік сабақтарымен шектелмейді. Әлемнің 50-ден астам мемлекетінен келіп жатқан 400 делегат экономикадан бастап саясатқа дейін талқылайды. Биыл әсіресе, әлемдік дағдарыс пен мұнай бағасының арзандауы, терроризм мен ушыққан геосаяси жағдайлар сөз болмақ. Халықаралық пікірсайыс алаңына айналған жиынға шетелден қонақтар әлі келіп жатыр.

Гарри Нанда:

-Еуразиялық медиа форумның түрлі мәселелерді шешуде маңызы зор. Жаһандағы саяси экономикалық тақырыптар кеңінен қозғалады. Тығырықтан шығудың небір ұтымды жолдары айтылады.

Осылайша, алдағы бірнеше күн бойы Астанада әлемдік деңгейдегі мәселелер көтерілмекші. Жаһанда геосаяси жағдайдың ушығып тұрғанын ескерсек, пікір таластыратын тақырып өте көп. Медифорумда ертең мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы баяндама жасайды деп күтілуде. Елбасы әлемдік экономиканы дағдарыстан шығарудың жолдарымен бөліспек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде