{metadescription}
Жаңаөзенде БТР полиция көлігін соғып, талқандай жаздады
Жаңаөзенде БТР полиция көлігін соғып, талқандай жаздады

Жаңаөзенде БТР полиция көлігін соғып, талқандай жаздады

Мұны қалаға лек-легімен келе жатқан әскери техниканы бақылап тұрған тұрғындар ұялы телефонға түсіріп алған. Әскери техниканың патрульді айналып өтпек болғаны байқалады. Бірақ жеңіл машинаның алдыңғы қанатын сүріп кетіпті. Жанұшыра көлігінен шыққан полицей біраз абдырап қалғанымен, БТР-дің соңынан қуа жөнелген. Тәртіп сақшылары Жаңаөзенде өтіп жатқан әскери оқу-жаттығуға қатысатын ауыр машиналарды діттеген жеріне дейін шығарып салмақ болған екен. БТР-дің екі қапталында айна болмаған соң жүргізушісі полиция көлігін байқамай қалса керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.